"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ Euroclear Bank шоттары бойынша төлемдерді өңдеудегі алдағы өзгерістер туралы хабарлайды.
Euroclear Bank жариялаған Newsletter 2022-N-058 – "Input IBAN in your money transfer instructions" сәйкес 2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап барлық ақша аударымдары үшін шоттарды сәйкестендіру тек қана халықаралық банк шотының нөмірі (IBAN) бойынша жүзеге асырылады. Қазіргі бес мәнді Cash Account және BBAN нөмірлері пайдаланылмайды.
Орталық депозитарий қатысушыларға Euroclear Bank талаптарына сәйкес деректемелерді алдын ала жаңартуды және контрагенттерге төлем нұсқаулығында IBAN-ды пайдалану қажеттілігі туралы хабарлауды ұсынады.