Бағалы қағаздар орталық депозитарийі жаңа интернет-ресурсты ұсынады

17 ақпан 2023

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (бұдан әрі – Орталық депозитарий) өзінің клиенттері мен www.kacd.kz интернет-ресурсын пайдаланушыларға мекенжайдың https://kcsd.kz ауысқаны туралы хабарлайды.

Жаңартылған интерфейс Орталық депозитарий ұсынатын қызметтерді, ішкі құжаттарды және Орталық депозитарийдің басқа да ақпаратын жеңіл қарап шығуға мүмкіндік береді. Жаңа интернет-ресурстың құрылымын https://kcsd.kz/sitemap сілтемесі арқылы зерттеуге болады.

Қазіргі уақытта жаңартылған АЖО бұрынғы интернет-ресурста қолжетімді. Бұдан әрі қарай олар жаңа интернет-ресурстың (https://kcsd.kz/) "Өнімдер" бөліміне ауыстырылады.

Орталық депозитарийдің http://old.kacd.kz/kk/news/ мекенжайы бойынша интернет-ресурсы 2023 жылғы 1 мамырға дейін қолжетімді болады. Бұрынғы интернет-ресурстың веб-парағын актуализациялау бойынша мәселелер болуы мүмкін, себебі кэште бұрынғы ақпарат сақталып, жаңарту орындалмайды. Бұл жағдайда веб-шолғыштағы кэшті тазалау ұсынылады.