Жаңа мүшелік бағалы қағаздар саласындағы жаһандық ынтымақтастық пен инновацияға жол ашады.
Қазақстанның бағалы қағаздар орталық депозитарийі өзінің ISSA (International Securities Services Association) халықаралық қауымдастығының қатарына қосылғаны туралы мақтанышпен хабарлайды. Қазақстан аймақтағы Қауымдастықтың жалғыз мүшесі болып табылады. Бұл оқиға депозитарийді және Қазақстанның бүкіл бағалы қағаздар нарығын дамытуды халықаралық ынтымақтастық пен инновацияның жаңа деңгейіне шығаратын маңызды қадамды білдіреді.
ISSA — 1979 жылы Швейцарияда құрылған, әлемнің түкпір-түкпірінен 130-дан астам жетекші бағалы қағаздар нарығы ұйымдарын біріктіретін халықаралық қауымдастық. ISSA мүшелерінің құрамына орталық депозитарийлер, кастодиандар, технологиялық компаниялар және бағалы қағаздар қызметтері саласында құн тізбегінің барлық аспектілеріне белсенді қатысатын басқа ұйымдар кіреді. Олардың ішінде Nasdaq Inc, BNP Paribas S.A., BNY Mellon, Citi, Euroclear, HSBC Holding Plc, JP Morgan Chase & Co, SIX Group және т.б. компаниялар бар.
"Қазақстанның орталық депозитарийінің ISSA қауымдастығына кіруі қазақстандық қор нарығын дамыту үшін жаңа перспективалар ашады. Бұл Орталық депозитарийді одан әрі дамыту үшін пайдаланылатын бағалы қағаздар нарығы саласындағы халықаралық стандарттар мен озық тәжірибелерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Орталық депозитарийдің клиенттеріне ең озық халықаралық тәжірибеге сәйкес ұсынылатын қызметтер мен ұсынылатын өнімдердің спектрі мен сапасының кеңеюін күтуіне болады", - деп атап өтті Орталық депозитарийдің басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов.
ISSA қауымдастығының негізгі бағыты тәуекелдерді азайтуға, эмитенттен инвесторға дейін тиімділік пен өнімділікті арттыруға және саланың болашағын қалыптастыру үшін интеллектуалды көшбасшылықты қамтамасыз ету үшін прогрессивті шешімдер табуға бағытталған. ISSA сияқты ірі халықаралық ұйымға мүшелік Орталық депозитарий үшін басқа салалық топтармен, ірі халықаралық сарапшылармен және бағалы қағаздар саласындағы мамандармен ынтымақтастық саласында жаңа мүмкіндіктер ашады.
ISSA-ға кіру — бұл Орталық депозитарий үшін оның жоғары стандарттарға және тұрақты дамуға деген ұмтылысына баса назар аударатын маңызды қадам. ISSA-дан басқа Орталық депозитарий Еуразияның орталық депозитарийлер қауымдастығының (AECSD), Еуропалық орталық депозитарийлер қауымдастығының (ECSDA), Ұлттық нөмірлеу агенттіктері қауымдастығының (ANNA) және Азия-Тынық мұхиты орталық депозитарийлер қауымдастығының (ACG) тұрақты мүшесі.