Құрметті клиенттер!
Орталық депозитарийдің функцияларды порталдан Жеке кабинетке кезең-кезеңмен көшіруді жүргізетіні туралы хабарлаймыз.
2026 жылғы 1 наурыздан бастап ұстаушылар үшін "Жиынтық есепке алуға арналған номиналды ұстау қосалқы шоты бойынша есеп" операциясы Жеке кабинетте ғана қолжетімді болады.
Операцияның бұл түрі бұдан былай portal.kacd.kz порталында қолжетімді болмайтынына назар аударамыз.
Жеке кабинет тіркеу рәсімінен өткен заңды және жеке тұлғаларға арналған cabinet.kacd.kz мекенжайы бойынша қолжетімді.
Жеке кабинетті пайдалану мәселелері бойынша сіз:
– helpdesk@kacd.kz электронды почтасына;
– @helpdesk_kcsd_bot телеграм-ботына;
–+7 (727) 262 08 46, +7 (727) 355 47 60, +7 (717) 247 67 50 телефондарына хабарласуыңызға болады.