"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын сырттай дауыс беру арқылы өткізу туралы хабарлама

2026-10-22 11:00

Осы арқылы "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (бұдан әрі – Орталық депозитарий) өз акционерлеріне Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесінің шешіміне (2026 жылғы 15 қазандағы № 85 (з) сырттай дауыс беру хаттамасы) сәйкес Орталық депозитарий акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын (бұдан әрі – Жиналыс) сырттай дауыс беру арқылы өткізу туралы хабарлайды.

Дауыс беру қорытындыларын шығару кезінде Алматы уақыты бойынша 2026 жылғы 07 желтоқсанда сағат 18:00-ге дейін келіп түскен бюллетеньдер ескеріледі.

Орталық депозитарий Жиналыста дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімін Алматы уақыты бойынша 2026 жылғы 16 қазандағы сағат 00:00-дегі жағдай бойынша жасады.

Жиналыстың күн тәртібі:

1. Орталық депозитарийдің 2026 жылғы қаржылық есептілігінің аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйымды айқындау туралы.
2. Директорлар кеңесінің мүшесін сайлау туралы.

Орталық депозитарий акционерлері Жиналыс отырысын өткізбей, сырттай дауыс береді.

Орталық депозитарийдің Жиналысын өткізу туралы хабарлама Орталық депозитарийдің интернет-ресурсындағы [Акционерлерге] бөлімінің [Корпоративтік құжаттар] кіші бөлімінде орналастырылған.