Соңғы бес жылда Қазақстанда брокерлік шоттар саны бес еседен астам көбейді – 2023 жылдың басында миллионнан аз болса, 2026 жылдың басында шот саны 5 миллионнан асып түсті.
Орталық депозитарийдің (KCSD) номиналды ұстау жүйесіндегі брокерлік шоттардың жалпы саны 2026 жылғы 1 қаңтарда 5,06 млн-ға жетті, оның 13,8 %-ы ұстаушылардың қосалқы шоттарына тиесілі, ал 86,2%-ы омнибус-шоттар арқылы есепке алынады*.
Соңғы бес жылдағы брокерлік шоттардың серпіні
Соңғы бес жылда Қазақстанның қор нарығы кәсіби инвесторлардың шектеулі тобына арналған құралдан жеке тұлғалардың кең ауқымына қолжетімді қаржы тетігіне дейін жол ашты.
Өсудің негізгі факторы омнибус шоттарының белсенді таралуы болды. Бұл модель брокерлерге клиенттерге қызмет көрсетуді кеңейтуге және жеке инвесторларға қор нарығына тезірек және оңай шығуға мүмкіндік берді.
Шоттар санының жедел өсуінің ең серпінді кезеңі 2023 жыл болды. 2024-2025 жылдары өсім тұрақты сипатқа ие болды: жыл сайын номиналды ұстау жүйесіне миллионнан астам жаңа шот қосылып отырды, ал 2025 жылдың қорытындысы бойынша өсім 40 %-дан асып түсті.
"5 млн брокерлік шотқа қол жеткізу – бұл соңғы жылдары нарықтың барлық қатысушылары жүргізген үлкен жүйелі жұмыстың нәтижесі. Бұл өсімге бірқатар факторлар әсер етті: реттеуші базаны жетілдіру, бағалы қағаздар нарығының цифрлық инфрақұрылымын және брокерлер мен банктердің мобильді қосымшаларын дамыту, сондай-ақ пандемия кезеңінде басталған халықтың қаржылық мінез-құлқындағы өзгерістер. Инвестициялық сауаттылықтың артуы да маңызды рөл атқарды – қор нарығы дәстүрлі түрде жинақтаудың басқа дәстүрлі түрлерімен салыстырғанда анағұрлым тәуекелі жоғары саналса да, халықтың басым көпшілігі қор нарығын инвестициялау мен жинақтау құралы ретінде саналы түрде қарастырады", - деп атап өтті Орталық депозитарийдің Басқарма төрағасы Еділ Медеу.

* "омнибус-шот" – клиенттік активтердің жиынтық есебін жүргізуге мүмкіндік беретін шоттың арнайы түрі.