Қазақстандағы брокерлік шоттардың саны алғаш рет 3 миллионнан асты

27 қыркүйек 2024

Орталық депозитарийдің (KCSD) номиналды ұстау жүйесіндегі брокерлік шоттардың жалпы саны 2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 3 086 673 –ке жетті, оның ішінде 683 205 шот ұстаушылардың қосалқы шоттарына және  2 403 468 шот Орталық депозитарийде омнибус-шоттар* арқылы есепке алынатын ұстаушылардың брокерлік шоттарына тиесілі.

2024 жылғы тамызда Орталық депозитарийдің номиналды ұстау жүйесіндегі шоттардың жалпы саны 102 085-ке өсті, бұл ретте омнибус-шоттар арқылы есепке алынатын ұстаушылардың брокерлік шоттары көрсетілген кезеңде 100 866-ға немесе 4,4 %-ға өсті, ал ұстаушылардың қосалқы шоттары 1 219 -ға немесе 0,2 %-ға өсті. 

"Соңғы екі жылда Орталық депозитарийдің номиналды ұстау жүйесіндегі брокерлік шоттар саны 2 661 673 шотқа немесе 6 есеге өсті. Қазақстанда инвесторлар санының қарқынды өсуі инвестициялық тартымды қаржы құралдарына сұранысты арттыру үшін берік негіз құра отырып, отандық қор нарығын дамытудың катализаторы болып табылады", - деп атап өтті Орталық депозитарийдің Басқарма Төрағасы Әділ Мұхамеджанов

* "омнибус-шот" - клиент активтерінің жиынтық есебін жүргізуге мүмкіндік беретін шоттың ерекше түрі. Қаржы құралдары омнибус-шоттарда есепке алынатын инвесторлар туралы ақпарат Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жария етілмейді.