Орталық депозитарийдің 2023 жылғы 1 маусымнан бастап "Documentolog" электрондық құжат айналымы жүйесін (ЭҚЖ) іске қосқаны туралы хабардар етеміз.
ЭҚЖ Орталық депозитарийдің клиенттеріне олардың орналасқан жеріне қарамастан, құжаттарды (хаттарды, сұратуларды) беруге және Орталық депозитарийдің офистеріне жеке келу қажеттілігінсіз жауап алуға немесе құжаттарды қағаз нұсқада жіберуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған жүйе қалыптастыратын электрондық құжат "Электрондық құжат және электрондық-цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес қағаз нұсқада қалыптастырылған құжатқа тең екенін хабарлаймыз.
ЭҚЖ-ға тіркеу және оны пайдалану үшін келесідей сілтемелерге өту қажет:
заңды тұлғалар/ЖК үшін
жеке тұлғалар үшін