Құрметті клиенттер!
"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2026 жылғы 04 маусымда Алматы уақыты бойынша сағат 21:00-ден кейін Орталық депозитарий порталының домендік атауын өзгерту бойынша жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды.
Өзгерту барысында:
- порталдың portal.kacd.kz домендік атауы portal.kcsd.kz болып өзгертіледі;
- порталдың sso.kacd.kz домендік атауы sso.kcsd.kz болып өзгертіледі.
Жұмыстар жүргізілетін кезеңде порталдың қолжетімділігінде қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.
Жұмыстар аяқталғаннан кейін порталға қол жеткізу тек portal.kcsd.kz мекенжайы арқылы жүзеге асырылады.
Құрамында portal.kacd.kz мекенжайы көрсетілген интеграциялық сілтемелер мен баптауларды жаңа portal.kcsd.kz мекенжайына алдын ала ауыстыруды сұраймыз.
Сұрақтар туындаған немесе қандай да бір мәселелер анықталған жағдайда helpdesk@kacd.kz электрондық поштасына хабарласуларыңызды сұраймыз.