Орталық депозитарийдің кейбір ақпараттық ресурстарының домендік атауларын өзгерту туралы

5 мамыр 2026

Құрметті клиенттер!

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ өзінің ақпараттық ресурстарының домендік атауларының жоспарланып отырған өзгерісі туралы хабарлайды.

Өзгерістер келесідей ресурстарға қатысты болады:

  • Жеке кабинет: cabinet.kacd.kz домендік атауы cabinet.kcsd.kz атауына өзгертіледі;
  • Open API: api.kacd.kz домендік атауы api.kcsd.kz атауына өзгертіледі;
  • Портал: portal.kacd.kz домендік атауы portal.kcsd.kz атауына өзгертіледі;
  • Электрондық почта адресі: @kacd.kz домендік атауы @kcsd.kz атауына өзгертіледі.

Өзгерістер өтпелі кезең ішінде 2026 жылғы 15 мамырдан 15 маусымға дейін жүргізілетін болады. Осы кезеңде Орталық депозитарийдің барлық ресурстары бір уақытта екі домен бойынша да қолжетімді болады. Бұл дегеніміз:

  • ағымдағы сілтемелер мен интеграциялар жұмысын жалғастырады;
  • жаңа домендік атаулар пайдалануға қолжетімді болады.

Техникалық интеграциялар (Open API) болған кезде жаңа домендік атауларға алдын-ала қолдау көрсетуді ұсынамыз.

Сұрақтар туындаған немесе проблемалар анықталған жағдайда, мына адреске хабарласуға болады: helpdesk@kacd.kz