The Bank of New York Mellon банкінде шот ашу туралы

20 қараша 2023

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (бұдан әрі – Орталық депозитарий, KCSD) халықаралық депозитарийлермен және жаһандық кастодиандармен депозитаралық және корреспонденттік қатынастарды кеңейту бөлігінде Даму стратегиясын іске асыру аясында KCSD Bank of New York Mellon (бұдан әрі – BNYM) банкімен корреспонденттік байланыстар орнату процесінің сәтті аяқталғаны туралы хабарлайды.

2023 жылғы 13 қарашада корреспонденттік байланыс орнату үшін талап етілетін барлық рәсімдер аяқталғаннан кейін Орталық депозитарийге BNYM банкінде шот ашылды.

BNYM банкісінде шоттың ашылуымен KCSD депоненттерінде АҚШ нарығына тікелей қол жеткізу мүмкіндігі пайда болды.

Сонымен қатар, BNYM банкісінде шот ашқан KCSD клиенттері үшін келесідей мүмкіндіктер қолжетімді болады:
- депоненттердің активтерін BNYM банкісіне көшіру кәсіби қатысушылардың активтерді сақтау және мәмілелерді жүргізу шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.
- депоненттерге бұрын Euroclear және Clearstream сияқты жоғары тұрған есеп ұйымдары қол жеткізе алмаған американдық эмитенттердің бағалы қағаздарының кең спектріне қолжетімділік ұсынылады.
- осы шот арқылы жаңа шетел нарықтарына, мысалы, Гонконг пен құрлықтық Қытай нарықтарына қолжетімділік ашылады, бұл KCSD клиенттері үшін инвестициялық құралдарды таңдауды арттырады.

"BNYM-мен ынтымақтастықты бастау – бұл біздің клиенттеріміз үшін инвестициялық құралдарды таңдаудағы көкжиектерді кеңейтудің тамаша мүмкіндігі. Біздің жаңа сервис біздің клиенттердің бизнесіне оң әсер ететініне және қазақстандық инвесторлардың жаңа қаржы құралдарына деген қажеттілігін қанағаттандыратынына сенімдіміз"- деп атап өтті KCSD Басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов.

Анықтама үшін:

Орталық депозитарий өз клиенттеріне 25 жыл бойы қызмет көрсететін, трейдингтен кейінгі қызметтер саласындағы Қазақстан Республикасының қаржы нарығының негізгі инфрақұрылымдық ұйымы болып табылады. Орталық депозитарий өз клиенттеріне депозитарлық, тіркеу және ақпараттық қызметтерді, сондай-ақ банктік шоттарға қызмет көрсету және төлем агентінің қызметтерін ұсынады. Орталық депозитарий Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Қаржы министрлігінің және жергілікті атқарушы органдарының уәкілетті депозитарийі болып табылады.