Қазақстандық инвестордың 2024 жылғы 01 наурыздағы портреті

13 наурыз 2024

2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Орталық депозитарийдің номиналды ұстау жүйесіндегі (KCSD) шоттардың жалпы саны 2 633 000 шотқа жетті, оның ішінде 705 710 шот ұстаушылардың қосалқы шоттарына және 1 927 000 – Орталық депозитарийдегі омнибус-шоттар арқылы есепке алынатын ұстаушылардың брокерлік шоттарына тиесілі.

KCSD есепке алу жүйесінде тікелей ашылған қосалқы шоттар туралы деректердің негізінде қазақстандық инвестордың портреті жасалды.

Қазақстандық инвестордың портреті өзгеріссіз қалды. Инвесторлардың гендерлік бөлінісі бұрын қалыптасқан үрдістерді сақтауды жалғастыруда: әйел инвесторлардың үлесі 49,8% деңгейінде сақталса, ер инвесторлардың үлесі әлі де 50,2 % құрайды. Бұл тұрақты тепе-теңдік 2023 жылдың сәуірінен бастап байқалады.

Инвесторлардың ең көп саны дәстүрлі түрде 35 пен 54 жас аралығындағы топ болып табылады, ол ақпан айында инвесторлардың жалпы санының 38,6 % құрады.

Инвесторлар құрылымында екінші орынды 25 пен 34 жас аралығындағы адамдар алады. Осы айда олардың үлесі өзгерген жоқ, бұл әлі де инвесторлардың жалпы санының 31,5% құрайды.

Үшінші топта 18 бен 24 жас аралығындағы инвесторлар орналасқан, олардың үлесі 15,6 % құрады. 

Аумақтық бөлініс бойынша көшбасшылықты дәстүрлі түрде Алматы (20,6 %) және Астана (11,3%) сақтап қалды. Үшінші орында Түркістан облысы (9,2%) тұр, ол 2022 жылдың наурыз айынан бастап өз позициясын сақтап келеді.

Инвесторлардың ең аз саны Солтүстік Қазақстан облысында тұрады, онда қосалқы шоттар саны Қазақстан бойынша инвесторлардың жалпы санының 1,6% ғана құрайды.