2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Орталық депозитарийдің номиналды ұстау жүйесіндегі (KCSD) шоттардың жалпы саны 3 343 409 шотқа жетті, оның ішінде 683 912 шот ұстаушылардың қосалқы шоттарына және 2 659 497 – Орталық депозитарийдегі омнибус-шоттар* арқылы есепке алынатын ұстаушылардың брокерлік шоттарына тиесілі.
2024 жылғы қазанда Орталық депозитарийдің номиналды ұстау жүйесіндегі шоттардың жалпы саны 331 301 немесе 11 %-ке өсті.
Өсім омнибус-шоттар арқылы есептелетін ұстаушылардың брокерлік шоттарына түседі. Көрсетілген кезеңде олар 331 641 немесе 14.2% - ға ұлғайды, бұл ретте ұстаушылардың қосалқы шоттары 340 шотқа немесе 0,05% - ға аздап төмендеді.
Төменде Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде тікелей ашылған қосалқы шоттар туралы деректер негізінде жасалған қазақстандық инвестордың портреті берілген. Қаржы құралдары омнибус-шоттарда есепке алынатын инвесторлар туралы ақпарат Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жария етілмейді.
Инвесторлардың гендерлік бөлінісі бұрын қалыптасқан үрдістерді сақтауды жалғастыруда: әйел инвесторлардың үлесі 49,8% деңгейінде сақталса, ер инвесторлардың үлесі әлі де 50,2 % құрайды. Бұл тұрақты тепе-теңдік 2023 жылдың сәуірінен бастап байқалады.
Инвесторлардың ең көп саны дәстүрлі түрде 35 пен 54 жас аралығындағы топ болып табылады, ол қазан айында инвесторлардың жалпы санының 39,5 % құрады.
Инвесторлар құрылымында екінші орынды 25 пен 34 жас аралығындағы адамдар алады. Осы айда олардың үлесі өзгерген жоқ, бұл бұрынғысынша инвесторлардың жалпы санының 32 % құрайды.
Үшінші топта 18 бен 24 жас аралығындағы инвесторлар орналасқан, олардың үлесі 14 % құрады.
Аумақтық бөлініс бойынша көшбасшылықты дәстүрлі түрде Алматы (20,7 %) және Астана (11,2%) сақтап қалды.
Үшінші орында Түркістан облысы (9,4%) тұр, ол 2022 жылдың наурыз айынан бастап өз позициясын сақтап келеді.
Инвесторлардың ең аз саны Солтүстік Қазақстан облысында тұрады, онда қосалқы шоттар саны Қазақстан бойынша инвесторлардың жалпы санының 1,7% ғана құрайды.
* "омнибус-шот" – клиенттік активтердің жиынтық есебін жүргізуге мүмкіндік беретін шоттың арнайы типі.