Қазақстандық инвестордың 2025 жылғы 1 сәуірдегі портреті

18 сәуір 2025

2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Орталық депозитарийдің номиналды ұстау жүйесіндегі (KCSD) шоттардың жалпы саны 3 970 503 шотқа жетті, оның ішінде 689 028 шот ұстаушылардың қосалқы шоттарына және 3 281 475 – Орталық депозитарийдегі омнибус-шоттар* арқылы есепке алынатын ұстаушылардың брокерлік шоттарына тиесілі.   

2025 жылғы наурызда Орталық депозитарийдің номиналды ұстау жүйесіндегі шоттардың жалпы саны  108 808  немесе 2,8 % өсті.

Өсім омнибус-шоттар арқылы есептелетін ұстаушылардың брокерлік шоттарына түседі. Көрсетілген кезеңде олар 107 750 немесе 3,4 % ұлғайды, бұл ретте ұстаушылардың қосалқы шоттары 1 058  шотқа немесе 0,2% өсті. 

Төменде Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде тікелей ашылған қосалқы шоттар туралы деректер негізінде жасалған қазақстандық инвестордың портреті берілген. Қаржы құралдары омнибус-шоттарда есепке алынатын инвесторлар туралы ақпарат Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жария етілмейді.

Инвесторлардың гендерлік бөлінісі бұрын қалыптасқан үрдістерді сақтауды жалғастыруда: әйел инвесторлардың үлесі 49,8% деңгейінде сақталса, ер инвесторлардың үлесі әлі де 50,2 % құрайды. Бұл тұрақты тепе-теңдік 2023 жылдың сәуірінен бастап байқалады.

Инвесторлардың ең көп саны дәстүрлі түрде 35 пен 54 жас аралығындағы топ болып табылады, ол наурыз айында инвесторлардың жалпы санының 40,3 % құрады. 

Инвесторлар құрылымында екінші орынды 25 пен 34 жас аралығындағы адамдар алады. Осы айда олардың үлесі өзгерген жоқ, бұл бұрынғысынша инвесторлардың жалпы санының 32,2 % құрайды.

Үшінші топта 55 жастан асқан инвесторлар орналасқан, олардың үлесі 14,8 % құрады. 

Аумақтық бөлініс бойынша көшбасшылықты дәстүрлі түрде Алматы (21,5 %) және Астана (11,2%) сақтап қалды. 

Үшінші орында Түркістан облысы (9,4%) тұр, ол 2022 жылдың наурыз айынан бастап өз позициясын сақтап келеді.

Инвесторлардың ең аз саны Солтүстік Қазақстан облысында тұрады, онда қосалқы шоттар саны Қазақстан бойынша инвесторлардың жалпы санының 1,7% ғана құрайды. 

* "омнибус-шот" – клиенттік активтердің жиынтық есебін жүргізуге мүмкіндік беретін шоттың арнайы типі.