2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Орталық депозитарийдің номиналды ұстау жүйесіндегі (KCSD) шоттардың жалпы саны 4 459 567 шотқа жетті, оның ішінде 694 290 шот ұстаушылардың қосалқы шоттарына және 3 765 277 – Орталық депозитарийдегі омнибус-шоттар* арқылы есепке алынатын ұстаушылардың брокерлік шоттарына тиесілі.
2025 жылғы маусымда Орталық депозитарийдің номиналды ұстау жүйесіндегі шоттардың жалпы саны 129 840 немесе 3 % өсті. Өсім омнибус-шоттар арқылы есептелетін ұстаушылардың брокерлік шоттарына түседі.
Көрсетілген кезеңде олар 128 516 немесе 3,5 % ұлғайды, бұл ретте ұстаушылардың қосалқы шоттары 1324 шотқа немесе 0,2% өсті.
Төменде Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде тікелей ашылған қосалқы шоттар туралы деректер негізінде жасалған қазақстандық инвестордың портреті берілген. Қаржы құралдары омнибус-шоттарда есепке алынатын инвесторлар туралы ақпарат Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жария етілмейді.
Инвесторлардың гендерлік бөлінісі бұрын қалыптасқан үрдістерді сақтауды жалғастыруда: әйел инвесторлардың үлесі 49,8% деңгейінде сақталса, ер инвесторлардың үлесі әлі де 50,2 % құрайды. Бұл тұрақты тепе-теңдік 2023 жылдың сәуірінен бастап байқалады.
Инвесторлардың ең көп саны дәстүрлі түрде 35 пен 54 жас аралығындағы топ болып табылады, ол шілде айында инвесторлардың жалпы санының 41,2 % құрады.
Инвесторлар құрылымында екінші орынды 25 пен 34 жас аралығындағы адамдар алады. Осы айда олардың үлесі өзгерген жоқ, бұл бұрынғысынша инвесторлардың жалпы санының 32,4 % құрайды.
Үшінші топта 55 жастан асқан инвесторлар орналасқан, олардың үлесі 15,2 % құрады.
Аумақтық бөлініс бойынша көшбасшылықты дәстүрлі түрде Алматы (22 %) және Астана (11,1%) сақтап қалды.
Үшінші орында Түркістан облысы (9,3%) тұр, ол 2022 жылдың наурыз айынан бастап өз позициясын сақтап келеді.
Инвесторлардың ең аз саны Солтүстік Қазақстан облысында тұрады, онда қосалқы шоттар саны Қазақстан бойынша инвесторлардың жалпы санының 1,7% ғана құрайды.
* "омнибус-шот" – клиенттік активтердің жиынтық есебін жүргізуге мүмкіндік беретін шоттың арнайы типі.