Құрметті клиенттер!
Сіздерге 2026 жылғы 20 қарашадан бастап «Банк-Клиент» АРМ-ін одан әрі жаңарту және сүйемелдеу тоқтатылатынын хабарлаймыз.
Бұл ретте «Банк-Клиент» АРМ-і пайдалануға қолжетімді болып қала береді. Алайда «Банк-Клиент» АРМ мүмкіндіктерін одан әрі дамыту, жаңартулар шығару және техникалық сүйемелдеу жүзеге асырылмайды.
Барлық қажетті банктік өнімдермен және қызметтермен жұмыс істеу мүмкіндіктері Жеке кабинетте қолжетімді. Сонымен қатар, банктік сервистермен өзара іс-қимылды автоматтандыру үшін API-сервистерді қосу мүмкіндігі бар. API бойынша құжаттама сілтеме бойынша қолжетімді.
Жеке кабинетке қосылу мәселелері бойынша келесі байланыс арналары арқылы хабарласа аласыздар:
• электрондық пошта: helpdesk@kcsd.kz
• telegram bot: @helpdesk_kcsd_bot
• телефондар: +7 (727) 262 08 46, +7 (727) 355 47 60, +7 (717) 247 67 50
Назар аударғандарыңызға және ынтымақтастықтарыңызға алғыс білдіреміз!