2025 жылғы 12 желтоқсанда өткен Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің күндізгі отырысының нәтижелері

17 желтоқсан 2025

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2025 жылғы 12 желтоқсанда Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің күндізгі отырысының өткенін хабарлайды, онда мынадай шешімдер қабылданды: 
"2026 жылға арналған негізгі жұмыстар жоспары туралы" 1-ші мәселе бойынша 
2026 жылға арналған негізгі жұмыстардың жоспары ұсынылған жобаға сәйкес редакцияда бекітілсін.

"2025 жылғы тоғыз айдағы Орталық депозитарийдің 2025 жылға арналған бюджетінің атқарылуы жөніндегі есеп туралы" 2-ші мәселе бойынша 
Орталық депозитарийдің 2025 жылғы тоғыз айдағы 2025 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы есеп назарға алынсын. 

"2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Орталық депозитарийдің инвестициялық портфелінің жай-күйін (Орталық депозитарийдің меншікті активтерін инвестициялау нәтижелерін) және Орталық депозитарийдің инвестициялық портфелінің тәуекелдерге ұшырауын талдау нәтижелері бойынша қорытынды және нарықтық тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша ақпарат туралы" 3-ші мәселе бойынша 
Орталық депозитарийдің инвестициялық портфелінің жай-күйін (Орталық депозитарийдің меншікті активтерін инвестициялау нәтижелерін) және Орталық депозитарийдің инвестициялық портфелінің тәуекелдерге ұшырауын талдау нәтижелері бойынша қорытынды және 2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша нарықтық тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша ақпарат назарға алынсын.

"2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Орталық депозитарийдің қаржылық тұрақтылығы коэффициенттерінің мәндерін есептеу туралы" 4-ші мәселе бойынша 
2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Орталық депозитарийдің қаржылық тұрақтылығы коэффициенттерін есептеу туралы ақпарат назарға алынсын.

"2025 жылғы үшінші тоқсандағы Орталық депозитарийдің тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша есептер мен ақпарат туралы" 5-ші мәселе бойынша 
2025 жылғы үшінші тоқсандағы Орталық депозитарийдің тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша есептер мен ақпарат назарға алынсын.

"Орталық депозитарийдің қаржы нарығының инфрақұрылымдары үшін қағидаттарды сақтауы жөніндегі есеп туралы" 6-шы мәселе бойынша 
Орталық депозитарийдің қаржы нарығының инфрақұрылымдары үшін қағидаттарды сақтауы туралы есеп назарға алынсын.

"Тіркеу және депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидаларына (жалпы бөлім) № 21 өзгерістер мен толықтырулар туралы" 7-ші мәселе бойынша 
1.    Тіркеу және депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидаларына (жалпы бөлім) № 21 өзгерістер мен толықтырулар ұсынылған жобаға сәйкес редакцияда бекітілсін. 

2.    Осы шешімнің 1-тармағына сәйкес бекітілген Тіркеу және депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидаларына (жалпы бөлім) № 21 өзгерістер мен толықтырулар бекітілген күннен бастап 25 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

"Бюджет қағидаларына № 3 өзгеріс туралы" 8-ші мәселе бойынша 
1.    Бюджет қағидаларға № 3 өзгеріс ұсынылған жобаға сәйкес редакцияда бекітілсін.

2.    Осы шешімнің 1-тармағына сәйкес бекітілген Бюджет қағидаларына № 3 өзгеріс бекітілген күннен кейінгі бірінші жұмыс күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.

"Орталық депозитарийлердің халықаралық форумын ұйымдастыру туралы баяндама туралы" 9-шы мәселе бойынша 
2025 жылға арналған негізгі жұмыстар жоспарының 2.3.1-жолында көзделген жұмыстың орындалуы туралы баяндама назарға алынсын.

"Цифрлық қаржы активтері саласындағы Орталық депозитарий қызметінің басым бағыттарын айқындау туралы" 10-шы мәселе бойынша 
2025 жылға арналған негізгі жұмыстар жоспарының 5.2.1-жолында көзделген жұмыстың орындалуы туралы баяндама назарға алынсын.