"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2026 жылғы 12 қарашада Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесінің көзбе-көз отырысы өткенін және онда мынадай шешімдер қабылданғанын хабарлайды:
"Корпоративтік хатшы болмаған уақытта оның міндетін атқарушы адамды тағайындау туралы" күн тәртібінің 1-ші мәселесі бойынша
Басқарма төрағасының хатшы-референті Абилдаева Гүлім Лесбекқызы Директорлар кеңесі хатшысының, Директорлар кеңесі комитеттері хатшысының, Директорлар кеңесі мен оның комитеттері хатшысының функцияларын жүзеге асыруды қоса алғанда, Орталық депозитарий акционерлерінің жалпы жиналысына қатысты және Директорлар кеңесіне және оның комиттеріне қатысты корпоративтік хатшының лауазымдық (функционалдық) міндеттерін орындай отырып, корпоративтік хатшы А.Е. Тастанбаеваны ол болмаған уақытта оны алмастыруға құқығы бар тұлға болып айқындалсын.
"Ішкі аудит қызметінің басшысын тағайындау туралы" күн тәртібінің 2-ші мәселесі бойынша
1. Минбаев Арман Жуманович Орталық депозитарийге жұмысқа шыққан күннен бастап үш айға созылатын сынақ мерзімі белгілене отырып, Ішкі аудит қызметінің басшысы лауазымына тағайындалсын.
2. Басқармаға:
1) 2026 жылдың соңына дейін Ішкі аудит қызметіне кандидаттарды іріктеуді аяқтау;
2) 2027 жылғы 01 мамырға дейін кадр резервтерін қалыптастыру жөніндегі жұмысты аяқтау тапсырылсын.
"М.С. Мендыбаевты Орталық депозитарийдің басқарушы директоры – Басқарма мүшесі етіп сайлау туралы" күн тәртібінің 3-ші мәселесі бойынша
Мендыбаев Марат Серикович Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Орталық депозитарийдің басшы қызметкері лауазымына сайлауға келісімін алған күннен бастап, өкілеттік мерзімі бар Орталық депозитарийдің басқарушы директоры – Басқарма мүшесі болып сайлансын, бұл туралы Орталық депозитарий Директорлар кеңесінің мүшелерін дереу хабардар етуге міндетті.