2026 жылғы 18 мамырда өткен Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің күндізгі отырысының нәтижелері

28 мамыр 2026

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2026 жылғы 18 мамырда Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің күндізгі отырысы өткізілгенін хабарлайды, онда мынадай шешімдер қабылданды:
 

"Директорлар кеңесінің төрағасын сайлау туралы" күн тәртібінің 1-мәселесі бойынша
1.           Молдабекова Алия Мейрбековна - Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайлансын.
2.           Джолдасбеков Азамат Мырзаданович ол болмаған немесе мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда Директорлар кеңесінің төрағасын алмастыруға құқығы бар тұлға ретінде сайлансын.

"Директорлар кеңесінің комитеттері туралы" күн тәртібінің 2-мәселесі бойынша
1.           Директорлар кеңесі комитеттерінің мынадай сандық құрамдары анықталсын:
                1)           Стратегия комитеті – сегіз адам;
                2)           Аудит комитеті – үш адам.
2.           Стратегия комитетінің мүшелері болып келесі тұлғалар сайлансын:
                1)           Вахидов Батур Алчинович (Ұлттық Банктің өкілі);
                2)           Джолдасбеков Азамат Мырзаданович (Директорлар кеңесінің мүшесі, Орталық депозитарийдің тәуелсіз директоры);
                3)           Искакова Айнагуль Куаншбаевна (сарапшы ретінде KASE өкілі);
                4)           Кадыров Диас Рахимович (Директорлар кеңесінің мүшесі, Орталық депозитарийдің тәуелсіз директоры);
                5)           Карагусов Фархад Сергеевич (Директорлар кеңесінің мүшесі, Орталық депозитарийдің тәуелсіз директоры);
                6)           Медеу Едил Ахметқалұлы (Директорлар кеңесінің мүшесі, Басқарма төрағасы);
                7)           Мойсов Иван Борисович (ҚНА өкілі);
                8)           Мухамеджанов Адиль Нурланович (Директорлар кеңесінің мүшесі, KASE өкілі).
3.           Стратегия комитетінің төрағасы Джолдасбеков Азамат Мырзаданович – Директорлар кеңесінің мүшесі, Орталық депозитарийдің тәуелсіз директоры болып тағайындалсын.
4.           Аудит комитетінің мүшелері болып келесі тұлғалар сайлансын: 
                1)           Джолдасбеков Азамат Мырзаданович (Директорлар кеңесінің мүшесі, Орталық депозитарийдің тәуелсіз директоры);
                2)           Карагусов Фархад Сергеевич (Директорлар кеңесінің мүшесі, Орталық депозитарийдің тәуелсіз директоры);
                3)           Мухамеджанов Адиль Нурланович (Директорлар кеңесінің мүшесі, KASE өкілі).
5.           Директорлар кеңесінің мүшесі, Орталық депозитарийдің тәуелсіз директоры Карагусов Фархад Сергеевич Аудит комитетінің төрағасы болып тағайындалсын.