2026 жылғы 24 тамызда өткен Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің күндізгі отырысының нәтижелері

31 тамыз 2026

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2026 жылғы 24 тамызда Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің күндізгі отырысы өткізілгенін хабарлайды, онда мынадай шешімдер қабылданды:
"Басқарма төрағасы Е.А. Медеудің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы", Басқарма төрағасын сайлау туралы" күн тәртібіндегі мәселелер бойынша
1. 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап Медеу Едил Ахметқалұлының Басқарма төрағасы лауазымындағы өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылсын. Е.А. Медеу Орталық депозитарийде жұмыс істеген соңғы күн 2026 жылғы 31 тамыз болып есептелсін. 
2. 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап Сердюк Иван Вячеславович Басқарма төрағасы болып сайлансын.
3. И.В. Сердюктің 2028 жылғы 1 шілдеге дейінгі Басқарма төрағасы ретіндегі өкілеттік мерзімі 2028 жылғы 1 шілдеде Алматы уақытымен сағат 18:00-де аяқталады деп белгіленсін.
4. И.В. Сердюкке Басқарма төрағасы ретіндегі өкілеттік мерзімі басталған күннен бастап 100 күн ішінде Директорлар кеңесінің стратегиялық офлайн-сессиясын өткізуді ұйымдастыру тапсырылсын, онда И.В. Сердюк Орталық депозитарийдің қызметіне өз бағаларын және оның одан әрі даму бағыттары туралы ойларын ұсынады.