"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2025 жылғы 25 қыркүйекте Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің күндізгі отырысының өткенін хабарлайды, онда мынадай шешімдер қабылданды:
"Орталық депозитарийдің 2025–2027 жылдарға арналған стратегиялық міндеттерінің тізбесі туралы" күн тәртібінің 1-ші мәселесі бойынша
1. Ұсынылған жобаға сәйкес редакцияда 2025–2027 жылдарға арналған стратегиялық міндеттердің тізбесі бекітілсін.
2. Басқармаға цифрлық қаржы активтерін мемлекеттік реттеудің негізгі шарттары мен тәртібі айқындалатын Қазақстан Республикасының заңы бекітілгеннен кейін екі ай ішінде Орталық депозитарийдің 2025–2027 жылдарға арналған даму стратегиясын және стратегиялық міндеттер тізбесін түзету жөніндегі ұсыныстарды Директорлар кеңесінің қарауына енгізу ұсынылсын.
"2025 жылға арналған негізгі жұмыстар жоспары туралы" күн тәртібінің 2-мәселесі бойынша
2025 жылға арналған негізгі жұмыстардың жоспары ұсынылған жобаға сәйкес редакцияда бекітілсін (А.М.Джолдасбековтың ескертулері мен ұсыныстарына сәйкес осы жоспардың мәтінін қосымша ішінара редакциялық пысықтауды ескере отырып).