"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2026 жылғы 24 маусымда Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беруі өткенін хабарлайды, онда мынадай шешім қабылданды:
"Орталық депозитариймен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен мәміле жасасу туралы, атап айтқанда "Қазақстан қор биржасы" АҚ және "KASE клирингтік орталығы" АҚ-мен келісім жасасу туралы" мәселе бойынша
1. Орталық депозитарийге "Қазақстан қор биржасы" АҚ және "KASE Клирингтік орталығы" АҚ-мен келесідей негізгі шарттармен келісім жасасуға рұқсат етілсін:
1) келісімнің мәні – Орталық депозитарийдің клиенттерді тиісті түрде тексеру нәтижесінде алған ақпарат пен құжаттарды беру кезінде Орталық депозитарийдің, "Қазақстан қор биржасы" АҚ-ның және "KASE Клирингтік орталығы" АҚ-ның өзара іс-қимыл жасау тәртібі мен шарттарын айқындау;
2) келісімнің қолданылу мерзімі – келісім Тараптар оған қол қойған күннен бастап күшіне енеді және мерзімсіз әрекет етеді;
3) келісім ұйымдық сипатта болады және Тараптардың өзара іс-қимылының қаржылық жағдайларын реттемейді.
2. Басқармаға Орталық депозитарий тарапынан "Қазақстан қор биржасы" АҚ-мен және "KASE Клирингтік орталығы" АҚ-мен бірлесіп әзірленетін, аталған өзара іс-қимылдың техникалық параметрлерін (байланыс арналары, құжаттар мен мәліметтерді беру форматтары мен мерзімдері, сондай-ақ өзге де параметрлер) айқындайтын құжатты (Техникалық регламентті) дербес бекіту құқығы берілсін.