"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2026 жылғы 28 шілдеде Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беруі өткенін хабарлайды, онда мынадай шешім қабылданды:
"Жаңа редакциядағы Инсайдерлік ақпаратты басқаруды және оны пайдалануды ішкі бақылау қағидалары туралы" мәселе бойынша
1. Инсайдерлік ақпаратты басқаруды және оны пайдалануды ішкі бақылау қағидалары ұсынылған жобаға сәйкес редакцияда бекітілсін.
2. Осы шешімнің 1-тармағына сәйкес бекітілген Инсайдерлік ақпаратты басқаруды және оны пайдалануды ішкі бақылау қағидалары бекітілген күннен кейінгі бірінші жұмыс күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.
3. Жаңа редакциядағы Инсайдерлік ақпаратты басқаруды және оны пайдалануды ішкі бақылау қағидалары бекітілген күннен бастап Директорлар кеңесінің шешімімен (2018 жылғы 25 мамырдағы сырттай дауыс берудің № 31 (З) хаттамасы) бекітілген Инсайдерлік ақпаратты басқаруды және оны пайдалануды ішкі бақылау қағидаларының күші жойылды деп саналсын.