2026 жылғы 3 шілдеде өткізілген Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беру нәтижелері

8 шілде 2026

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2026 жылғы 3 шілдеде Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беруі өткізілгенін, онда мынадай шешімдер қабылданғанын хабарлайды:

"2026 жылға арналған Орталық депозитарийдің бюджетіне № 2 өзгерістер туралы" мәселе бойынша
2026 жылға арналған Орталық депозитарийдің бюджетіне № 2 өзгерістер бекітілсін.

"Комплаенс-бақылау қызметінің бас маманы лауазымына кандидат туралы" мәселе бойынша
Орталық депозитарийдің Басқарма төрағасы Сүгірәлиева Балнұр Бақытқызын Комплаенс-бақылау қызметінің бас маманы лауазымына үш айға созылатын сынақ мерзімін белгілей отырып, жұмысқа қабылдауға келісім берсін.
"2026 жылға арналған түзетуді ескере отырып, Орталық депозитарийдің 2022-2026 жылдарға арналған даму жоспарын ағымдағы түзету туралы" мәселе бойынша
2026 жылға арналған түзетуді ескере отырып, Орталық депозитарийдің 2022-2026 жылдарға арналған даму жоспарына ағымдағы түзету бекітілсін.

"Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі саясатқа № 5 өзгерістер туралы" мәселе бойынша
1.  Ұсынылған жобаға сәйкес редакцияда Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі саясатқа № 5 өзгеріс бекітілсін.
2.  Осы шешімнің 1-тармағына сәйкес бекітілген Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі саясатқа № 5 өзгеріс бекітілген күннен кейінгі бірінші жұмыс күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.

"2026 жылға арналған негізгі жұмыстар жоспарына № 2 өзгерістер туралы" мәселе бойынша
Ұсынылған жобаға сәйкес редакцияда 2026 жылға арналған негізгі жұмыстар жоспарына № 2 өзгерістер бекітілсін.