"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2025 жылғы 7 қазанда Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беруі өткенін, онда мынадай шешімдер қабылданғанын хабарлайды:
"Орталық депозитарийдің 2025 жылғы жылдық қаржылық есептілігіне аудит жүргізу мақсатында аудиторлық ұйымды айқындау туралы" мәселе бойынша
Орталық депозитарий акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына мынадай шешім қабылдау ұсынылсын:
""ПрайсУотерхаусКуперс" ЖШС Орталық депозитарийдің 2025 жылғы қаржылық есептілігіне аудит жүргізетін аудиторлық ұйым болып белгіленсін.".
"Ішкі аудит қызметінің аудиторы туралы" мәселе бойынша
Д.Т.Ескендір ұзақтығы үш ай сынақ мерзімі белгілене отырып, Ішкі аудит қызметінің аудиторы лауазымына тағайындалсын.
"Консультативтік кеңес туралы ережеге № 1 өзгерістер туралы" мәселе бойынша
1. Консультативтік Кеңес туралы ережеге № 1 өзгерістер ұсынылған жобаға сәйкес редакцияда бекітілсін.
2. Консультативтік кеңес туралы ережеге № 1 өзгерістер бекітілген күннен кейінгі бірінші жұмыс күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.
"Орталық депозитарий акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру және осы жиналыстың күн тәртібін қалыптастыру туралы" мәселе бойынша
1. Орталық депозитарий акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы (бұдан әрі – Жиналыс) сырттай дауыс беру арқылы шақырылсын және оның мынадай күн тәртібі бекітілсін:
Орталық депозитарийдің 2025 жылғы қаржылық есептілігіне аудит жүргізу мақсатында аудиторлық ұйымды айқындау туралы.
2. 2025 жылғы 24 қарашада сырттай дауыс беру үшін алынған бюллетеньдер бойынша дауыстар санын анықтау.
3. Жиналыста дауыс беру қорытындысын шығару кезінде Орталық депозитарийдің акционерлерінен 2025 жылғы 24 қарашада Алматы уақытымен сағат 18:00-ге дейін алынған сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньдер ескерілсін.
4. Жиналыста дауыс беруге құқығы бар Орталық депозитарий акционерлерінің тізімі 2025 жылғы 08 қазандағы Алматы уақытымен сағат 00:00-дегі жағдай бойынша жасалсын.