"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2026 жылғы 9 қазанда Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беруі өткенін, онда мынадай шешімдер қабылданғанын хабарлайды:
"2026 жылға арналған түзетуді ескере отырып, Орталық депозитарийдің
2022–2026 жылдарға арналған даму жоспарын ағымдағы түзету туралы" мәселе бойынша
2026 жылға арналған түзетуді ескере отырып, Орталық депозитарийдің 2022–2026 жылдарға арналған даму жоспарына ағымдағы түзету бекітілсін.
"2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы Орталық депозитарий 2026 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы есеп туралы" мәселе бойынша
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Орталық депозитарийдің 2026 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы есеп назарға алынсын.
"2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Орталық депозитарийдің инвестициялық портфелінің жай-күйін (Орталық депозитарийдің меншікті активтерін инвестициялау нәтижелерін) талдау нәтижелері және Орталық депозитарийдің инвестициялық портфелінің тәуекелдерге ұшырауы және нарықтық тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша ақпарат туралы" мәселе бойынша
Орталық депозитарийдің инвестициялық портфелінің жай-күйін (Орталық депозитарийдің меншікті активтерін инвестициялау нәтижелерін) және Орталық депозитарийдің инвестициялық портфелінің тәуекелдерге ұшырауын талдау нәтижелері бойынша қорытынды және 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша нарықтық тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша ақпарат назарға алынсын.
"Корпоративтік хатшы қызметінің негізгі көрсеткіштерінің картасы туралы" мәселе бойынша
2026 жылға арналған жоспарлы мәндері бар Директорлар кеңесіне (Басқарма мүшелерін қоспағанда) есеп беретін қызметкерлер қызметінің негізгі көрсеткіштерінің карталарына мынадай өзгеріс енгізілсін:
корпоративтік хатшы қызметінің негізгі көрсеткіштері картасының 3-жолының 1-бағанындағы "БҚ-ны өнеркәсіптік пайдалануға енгізу актісі" деген сөздер "Орталық депозитарийдің өнім командасы орындауға қабылдаған функционалдық тапсырма" деген сөздермен ауыстырылсын.
"2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Орталық депозитарийдің қаржылық орнықтылық коэффициенттерінің мәндерін есептеу туралы" мәселе бойынша
2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Орталық депозитарийдің қаржылық орнықтылық коэффициенттерін есептеу туралы ақпарат назарға алынсын.
"Директорлар кеңесі мен оның комитеттерінің құзыреттерін оңтайландыру жөніндегі ұсыныстар туралы" мәселе бойынша
Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мен оның комитеттерінің құзыреттерін оңтайландыру жөніндегі ұсыныстары назарға алынсын.