"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2026 жылғы 9 қарашада Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беруі өткенін, онда мынадай шешімдер қабылданғанын хабарлайды:
"Корпоративтік басқару жөніндегі төртінші жыл сайынғы Ұлттық форумға қатысу үшін А.М. Джолдасбеков пен Ф.С. Карагусовты Астана қаласына іссапарға жіберу туралы" мәселе бойынша
1. Ф.С. Карагусова корпоративтік басқару жөніндегі төртінші жыл сайынғы Ұлттық форумға қатысу үшін 2026 жылғы 20 қарашада Астана қаласына қызметтік іссапарға жіберілсін.
2. Орталық депозитарийге Ф.С. Карагусовты Астана қаласына іссапарға жіберу туралы бұйрық дайындауды, Астана – Алматы бағыты бойынша әуе билетін сатып алуды тапсырсын.
3. А.М. Джолдасбеков 2026 жылғы 19-20 қараша аралығында корпоративтік басқару жөніндегі төртінші жыл сайынғы Ұлттық форумға қатысу үшін Астана қаласына қызметтік іссапарға жіберілсін.
4. Орталық депозитарийге А.М. Джолдасбековті Астана қаласына іссапарға жіберу туралы бұйрық дайындауды, әуе билеттерін сатып алуды, қонақүйді брондауды және трансферді ұйымдастыруды тапсырсын.
"Люксембургтен Алматы қаласына Крист Сержді (Christ Serge) іссапарға жіберу туралы" мәселе бойынша
1. Люксембургтен Алматы қаласына 2026 жылғы 10-14 қараша аралығында Директорлар кеңесінің мүшесі – Орталық депозитарийдің тәуелсіз директоры, Қазақстан Республикасының бейрезиденті Крист Серж (Christ Serge) Директорлар кеңесінің отырысына және Орталық депозитарий мен Қазақстан Республикасының қаржы нарығын дамыту мәселелері жөніндегі талқылауларға қатысу үшін қызметтік іссапарға шақырылсын.
2. Орталық депозитарийге Крист Сержді (Christ Serge) Алматы қаласына іссапарға жіберу туралы бұйрық дайындауды, әуе билеттерін сатып алуды, қонақүйді брондауды және трансфер ұйымдастыруды тапсырсын.
"2026 жылға арналған жоспарлық мәндері бар Ішкі аудит қызметі басшысы қызметінің негізгі көрсеткіштерінің картасы туралы" мәселе бойынша
2026 жылға арналған жоспарлық мәндері бар Ішкі аудит қызметі басшысы қызметінің негізгі көрсеткіштерінің картасы бекітілсін.