"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2026 жылғы 12 маусымда Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беруі өткізілгенін, онда мынадай шешімдер қабылданғанын хабарлайды:
"Бюджеттік саясатқа № 19 өзгерістер мен толықтырулар туралы" мәселе бойынша
1. Ұсынылған жобаға сәйкес редакцияда Бюджеттік саясатқа № 19 өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Бекітілген күннен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң Бюджеттік саясатқа № 19 өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілсін.
"2026 жылдың бірінші тоқсанындағы Орталық депозитарийдің 2026 жылға арналған бюджетінің орындалуы жөніндегі есеп туралы" мәселе бойынша
2026 жылдың бірінші тоқсанындағы Орталық депозитарийдің 2026 жылға арналған бюджетінің орындалуы туралы есеп назарға алынсын.
"2026 жылдың бірінші тоқсанындағы 2026 жылға арналған негізгі жұмыстар жоспарының орындалуы жөніндегі есеп туралы" мәселе бойынша
1. 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы 2026 жылға арналған негізгі жұмыстар жоспарының орындалуы туралы есеп назарға алынсын.
2. 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы қосымша жұмыстар жоспарының орындалуы туралы есеп назарға алынсын.
"Орталық депозитарийдің Ішкі аудит қызметінің басшысы М. Б. Рыспай өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мерзімін ауыстыру туралы"мәселе бойынша
1. Директорлар кеңесінің М.Б. Рыспайдың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және еңбек шартын бұзу туралы бұрын қабылданған шешімінің (2026 жылғы 28 сәуірдегі сырттай дауыс берудің № 24 (з) хаттамасы) күші жойылсын.
2. Директорлар кеңесінің (2024 жылғы 28 қарашадағы отырыстың № 96 хаттамасы) ІАҚ басшысы М.Б. Рыспай өкілеттігінің мерзімі бөлігіндегі шешіміне өзгеріс енгізілсін, оның өкілеттігінің тоқтатылу және еңбек шартының бұзылу күні 2026 жылғы 30 қазан Алматы уақытымен сағат 18:00-де белгіленсін.
3. М.Б. Рыспай үшін 2026 жылғы 15 маусымнан 30 қазанға дейінгі кезеңге қашықтан жұмыс форматы белгіленетіні назарға алынсын.
"2025-2027 жылдарға арналған Даму стратегиясына № 1 өзгерістер мен толықтыру туралы" мәселе бойынша
2025-2027 жылдарға арналған Даму стратегиясына № 1 өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.