"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2026 жылғы 14 сәуірде Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беруі өткізілгенін хабарлайды, онда мынадай шешім қабылданды:
"Орталық депозитарийдің 2025-2027 жылдарға арналған даму стратегиясын түзету жөніндегі ұсыныстар туралы" мәселе бойынша
1. Орталық депозитарийдің 2025-2027 жылдарға арналған даму стратегиясын түзету жөніндегі ұсыныстар мақұлдансын.
2. Орталық депозитарий Басқармасына осы шешімнің 1-тармағына сәйкес мақұлданған ұсыныстар негізінде Орталық депозитарийдің 2025-2027 жылдарға арналған даму стратегиясына түзетулер әзірлеуді ұсынсын және осы түзетулерді 2026 жылғы мамырдан кешіктірмей Директорлар кеңесінің Стратегия, тәуекелдер, кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитетіне ұсынсын.
"2025 жылға арналған 2023-2025 жылдарға арналған Орнықты даму саясатын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есеп" мәселесі бойынша
Орнықты даму саясатын іске асыру жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған 2025 жылға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есеп назарға алынсын.
"2026-2028 жылдарға арналған Орнықты даму саясатын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу жөніндегі жұмысты орындау туралы" мәселесі бойынша
Орнықты даму саясатын іске асыру жөніндегі 2026-2028 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын әзірлеу жөніндегі жұмыстың орындалуы туралы баяндама назарға алынсын.