"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2026 жылғы 18 тамызда Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беруі өткізілгенін, онда мынадай шешімдер қабылданғанын хабарлайды:
"2026 жылға арналған жоспарлы мәндері бар Директорлар кеңесіне (Басқарма мүшелерін қоспағанда) есеп беретін қызметкерлер қызметінің негізгі көрсеткіштерінің карталары туралы"
2026 жылға арналған жоспарлы мәндері бар Директорлар кеңесіне (Басқарма мүшелерін қоспағанда) есеп беретін қызметкерлер қызметінің негізгі көрсеткіштерінің карталары бекітілсін.
"Орталық депозитарийдің ішкі құжаттарына Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасының атауы бөлігінде өзгеріс енгізу туралы"
1. Орталық депозитарийдің қағидалар жинағының құрамына кіретін ішкі құжаттарды қоса алғанда, Директорлар кеңесі бекіткен Орталық депозитарийдің барлық ішкі құжаттарына мынадай өзгеріс бекітілсін:
"тенге" деген сөз "теңге" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің 1-тармағына сәйкес бекітілген өзгеріс бекітілген күннен бастап 20 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
"2026 жылдың бірінші тоқсанындағы 2026 жылға арналған комплаенс-бағдарламаның орындалуы жөніндегі есеп туралы"
2026 жылдың бірінші тоқсанындағы 2026 жылға арналған комплаенс-бағдарламаның орындалуы туралы есеп назарға алынсын.
"Орталық депозитарий қағидалар жинағының құрамына кірмейтін, комплаенс-бақылауға қатысы бар құжаттарды тексеру нәтижелері туралы"
Орталық депозитарий қағидалар жинағының құрамына кірмейтін, комплаенс-бақылауға қатысы бар құжаттарды тексеру нәтижелері туралы.
"Орталық депозитарий қағидалар жинағының құрамына кіретін құжаттарды тексеру нәтижелері туралы"
Орталық депозитарий қағидалар жинағының құрамына кіретін ішкі құжаттарды тексеру нәтижелері назарға алынсын.
Директорлар кеңесі Стратегия, тәуекелдер, кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитетінің құрамы туралы
1. 2026 жылғы 1 тамыздан бастап Диас Рахимович Қадыров Директорлар кеңесі Стратегия, тәуекелдер, кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитетінің мүшесі (сарапшы ретінде) болып сайлансын.
2. Орталық депозитарийдің корпоративтік хатшысына Орталық депозитарийдің заң бөлімімен бірлесіп, жеделдетілген тәртіппен не Директорлар кеңесінің мүшелері болып табылмайтын Директорлар кеңесі комитеттері мүшелерінің міндеттерін, құқықтары мен жауапкершілігін айқындайтын Орталық депозитарийдің ішкі құжатын не Директорлар кеңесінің комитеттері туралы ереженің 3-бабына түзетулер әзірлеуді тапсырсын.