2026 жылғы 19 қарашада өткізілген Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беру нәтижелері

2026-11-23 08:00

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2026 жылғы 19 қарашада Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беруі өткізілгенін, онда мынадай шешімдер қабылданғанын хабарлайды:
"Ішкі аудит қызметі қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекіту туралы" мәселе бойынша

1. Ішкі аудит қызметі басшысының лауазымдық нұсқаулығы ұсынылған жобаға сәйкес редакцияда бекітілсін.
2. Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген Ішкі аудит қызметі бастығының лауазымдық нұсқаулығының (2021 жылғы 30 желтоқсандағы отырыстың № 63 хаттамасы) күші жойылды деп танылсын.
3. Ішкі аудит қызметі аудиторының лауазымдық нұсқаулығы ұсынылған жобаға сәйкес редакцияда бекітілсін.
4. Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген Ішкі аудит қызметінің ақпараттық технологиялары бойынша аудитордың лауазымдық нұсқаулығының (2021 жылғы 30 желтоқсандағы отырыстың № 63 хаттамасы) күші жойылды деп танылсын.

"2026 жылдың тоғыз айындағы 2026 жылға арналған негізгі жұмыстар жоспарының орындалуы жөніндегі есеп туралы" мәселе бойынша 
1. 2026 жылдың тоғыз айындағы 2026 жылға арналған негізгі жұмыстар жоспарының орындалуы туралы есеп назарға алынсын.
2. 2026 жылдың тоғыз айындағы қосымша жұмыстар жоспарының орындалуы туралы есеп назарға алынсын.

"Ішкі аудит қызметінің 2026 жылғы тоғыз айдағы 2026 жылға арналған жылдық тексеру жоспарының орындалуы туралы есеп" мәселесі бойынша 
Ішкі аудит қызметінің 2026 жылғы тоғыз айдағы 2026 жылға арналған жылдық тексеру жоспарының орындалуы туралы есеп назарға алынсын.

"2026 жылғы тоғыз айдағы кемшіліктерді жою және аудиторлық тексерулер нәтижелері бойынша Ішкі аудит қызметінің ұсынымдарын енгізу жөніндегі есеп туралы" мәселе бойынша

2026 жылғы тоғыз айдағы кемшіліктерді жою және аудиторлық тексерулердің нәтижелері бойынша Ішкі аудит қызметінің ұсынымдарын енгізу жөніндегі есеп назарға алынсын.

"Ішкі аудитті жүзеге асыру қағидаларына № 6 толықтырулар мен өзгеріс туралы" мәселе бойынша
1. Ұсынылған жобаға сәйкес редакцияда Ішкі аудитті жүзеге асыру қағидаларына № 6 толықтырулар мен өзгеріс бекітілсін.
2. Бекітілген күннен кейінгі бірінші жұмыс күнінен бастап Ішкі аудитті жүзеге асыру қағидаларына № 6 толықтырулар мен өзгеріс қолданысқа енгізілсін.