"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2026 жылғы 25 ақпанда Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беруі өткенін, онда мынадай шешімдер қабылданғанын хабарлайды:
"Ішкі аудит қызметінің 2025 жылға арналған жылдық тексеру жоспарының орындалуы туралы қорытынды есеп" мәселесі бойынша
Ішкі аудит қызметінің 2025 жылға арналған жылдық тексеру жоспарының орындалуы туралы қорытынды есеп бекітілсін.
"2025 жылғы аудиторлық тексерулердің нәтижелері бойынша Ішкі аудит қызметінің кемшіліктерін жою және ұсынымдарын енгізу жөніндегі қорытынды есеп туралы" мәселе бойынша
2025 жылғы аудиторлық тексерулердің нәтижелері бойынша Ішкі аудит қызметінің кемшіліктерін жою және ұсынымдарын енгізу жөніндегі қорытынды есеп бекітілсін.
"Сыйлықтарға қатысты саясат туралы" мәселе бойынша
1. Сыйлықтарға қатысты саясат ұсынылған жобаға сәйкес редакцияда бекітілсін.
2. Осы шешімнің 1-тармағына сәйкес бекітілген Сыйлықтарға қатысты саясат бекітілген күннен бастап бірінші жұмыс күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.
"2026 жылға арналған негізгі жұмыстар жоспарына № 1 өзгерту туралы" мәселе бойынша
2026 жылға арналған негізгі жұмыстар жоспарына № 1 өзгеріс ұсынылған жобаға сәйкес редакцияда бекітілсін.
"Ішкі аудит қызметі аудиторының сынақ мерзімінен өтуі туралы" мәселе бойынша
Ішкі аудит қызметінің аудиторы Дана Талғатқызы Ескендір сынақ мерзімінен сәтті өтті деп есептелсін.