2026 жылғы 28 сәуірде Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беру нәтижелері

4 мамыр 2026

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2026 жылғы 28 сәуірде Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беруі өткенін, онда мынадай шешімдер қабылданғанын хабарлайды:
 
2026 жылға арналған Орталық депозитарийдің бюджетіне № 1 өзгерістер туралы 
Орталық депозитарийдің 2026 жылға арналған бюджетіне № 1 өзгерістер бекітілсін.

Ішкі аудит қызметінің 2026 жылғы бірінші тоқсандағы тексеру жоспарының орындалуы жөніндегі есеп туралы 
Ішкі аудит қызметінің 2026 жылғы бірінші тоқсандағы тексеру жоспарының орындалуы туралы есеп назарға алынсын.

"2026 жылдың бірінші тоқсанындағы кемшіліктерді жою және аудиторлық тексерулердің нәтижелері бойынша Ішкі аудит қызметінің ұсынымдарын енгізу жөніндегі есеп туралы" мәселе бойынша 
2026 жылдың бірінші тоқсанындағы кемшіліктерді жою және аудиторлық тексерулердің нәтижелері бойынша Ішкі аудит қызметінің ұсынымдарын енгізу жөніндегі есеп назарға алынсын.