2026 жылғы 28 тамызда Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беру нәтижелері

4 қыркүйек 2026

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2026 жылғы 28 тамызда Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беруі өткізілгенін, онда мынадай шешімдер қабылданғанын хабарлайды:

"2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы 2026 жылға арналған негізгі жұмыстар жоспарының орындалуы бойынша есеп туралы" мәселе бойынша
1.    2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы 2026 жылға арналған негізгі жұмыстар жоспарының орындалуы туралы есеп назарға алынсын.
2.    2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қосымша жұмыстар жоспарының орындалуы туралы есеп назарға алынсын.

"Орталық депозитарийдің 2025-2027 жылдарға арналған жаңа редакциядағы стратегиялық міндеттерінің тізбесі туралы" мәселе бойынша
3.    Ұсынылған жобаға сәйкес редакцияда 2025-2027 жылдарға арналған стратегиялық міндеттердің тізбесі бекітілсін.
4.    Директорлар кеңесінің шешімімен (2025 жылғы 25 қыркүйектегі отырыстың № 59 хаттамасы) бекітілген 2025-2027 жылдарға арналған стратегиялық міндеттер тізбесінің күші жойылды деп танылсын.
5.    "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы" АҚ Алматы қаласы, Сәтбаев к-сі, 30/8 мекенжайындағы ғимаратты қайта жаңарту (қайта жоспарлау) жөніндегі жұмыстарды жүргізуге келісімін алғанға дейін не Орталық депозитарийдің дислокациясы туралы мәселе шешілгенге дейін "KCSD-дегі офис кеңістігін оның қызметкерлері арасындағы өзара іс-қимылды жақсарту және олардың жұмыс тиімділігін арттыру үшін оңтайландыру" стратегиялық міндетінің шешімін тоқтатылсын.