2026 жылғы 28 қазанда Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беру нәтижелері

2026-11-02 11:00

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2026 жылғы 28 қазанда Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беруі өткенін, онда мынадай шешімдер қабылданғанын хабарлайды:

"Басқарма мүшесінің бос лауазымы бойынша 2026 жылға арналған жоспарлық мәндері бар қызметтің негізгі көрсеткіштерінің картасы бойынша орындаушыны тағайындау туралы" мәселе бойынша 
Басқарма төрағасының орынбасары Шадиева Тамара Султановна Басқарма мүшесінің бос лауазымы бойынша 2026 жылға арналған жоспарлық мәндері бар қызметтің негізгі көрсеткіштерінің картасы бойынша орындаушы болып тағайындалсын.

"Тіркеу және депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидаларына (жалпы бөлім) № 23 өзгерістер мен толықтыру туралы" мәселе бойынша 
1.    Тіркеу және депозитарлық қызметті (жалпы бөлім) жүзеге асыру қағидаларына № 23 өзгерістер мен толықтыру ұсынылған жобаға сәйкес редакцияда бекітілсін. 
2.    Осы шешімнің 1-тармағына сәйкес бекітілген Тіркеу және депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидаларына (жалпы бөлім) № 23 өзгерістер мен толықтыру бекітілген күннен бастап 25 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

"Тіркеу және депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидаларына (ерекше бөлім) № 11 өзгерістер туралы" мәселесі бойынша 
1.    Тіркеу және депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидаларына (ерекше бөлім) № 11 өзгерістер ұсынылған жобаға сәйкес редакцияда бекітілсін. 
2.    Осы шешімнің 1-тармағына сәйкес бекітілген Тіркеу және депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидаларына (ерекше бөлім) № 11 өзгерістер бекітілген күннен бастап күнтізбелік 25 күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

"Орталық депозитариймен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен мәміле жасасу туралы, атап айтқанда "Қазақстан қор биржасы" АҚ-мен және "KASE Клирингтік орталығы" АҚ-мен ақпаратқа қол жеткізуді ұсыну бойынша ақпараттық қызметтер көрсету туралы шарт жасасу туралы " мәселе бойынша
Орталық депозитарийге Орталық депозитариймен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен мәміле жасасуға, атап айтқанда "Қазақстан қор биржасы" АҚ-мен (бұдан әрі – Биржа) және "KASE Клирингтік орталығы" АҚ-мен (бұдан әрі – Клирингтік орталық) мынадай негізгі шарттарда ақпаратқа қол жеткізуді ұсыну бойынша ақпараттық қызметтер көрсету шартын жасасуға рұқсат етілсін:
1)    шарттың мәні: Орталық депозитарийдің Биржа мен Клирингтік орталыққа қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелеріне байланысты ақпаратқа, атап айтқанда, Орталық депозитарийдің кейіннен Биржаның және (немесе) Клирингтік орталықтың клиенттері болуы мүмкін Орталық депозитарий клиенттерін (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру жөнінде қабылдаған шараларының нәтижесінде алынған ақпарат пен құжаттарға қол жеткізу мүмкіндігін беру жөніндегі ақылы ақпараттық қызметтерді көрсетуі;
2)    қызметтер көрсету тәртібі: қызметтер Биржа мен Клирингтік орталықтың сұратулары негізінде көрсетіледі, олардың әрқайсысы бір клиентке қатысты қалыптастырылады;
3)    қызметтердің бағасы: өңделген әрбір сұрату үшін ҚҚС сомасын есептегенде, 50 АЕК;
4)    төлем жасау тәртібі: нақты көрсетілген қызметтер үшін Биржа мен Клирингтік орталық әрқайсысы жеке-жеке ай сайын Орталық депозитарийдің электрондық шот-фактурасы негізінде орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісіне қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ақы төлейді;
5)    шарттың қолданылу мерзімі: шартқа тараптар қол қойған күннен бастап Орталық депозитарий, Биржа және Клирингтік орталық арасында 2026 жылғы 12 тамызда жасалған келісімнің қолданысы тоқтатылғанға дейін. Бұл ретте көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеу жөніндегі міндеттемелер олар толық орындалғанға дейін қолданысын жалғастырады.