"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2025 жылғы 30 желтоқсанда Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беруі өткізілгенін, онда мынадай шешімдер қабылданғанын хабарлайды:
"Бюджет саясатына № 18 өзгерістер мен толықтыру туралы" мәселе бойынша
1. Ұсынылған жобаға сәйкес редакцияда Бюджет саясатына № 18 өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.
2. Осы шешімнің 1-тармағына сәйкес бекітілген Бюджет саясатына № 18 өзгерістер мен толықтыру бекітілген күннен кейінгі бірінші жұмыс күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.
"Қазақстан-Зираат Интернешнл Банк" Еншілес банкі" АҚ-ны ұлттық және шетел валюталары бойынша қызмет көрсететін банк ретінде анықтау туралы" мәселе бойынша
"Қазақстан-Зираат Интернешнл Банк" Еншілес банкі" АҚ Түркия Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған құралдармен операциялар бойынша ұлттық және шетел валюталары бойынша қызмет көрсететін банк ретінде белгіленсін.
"Орталық депозитарий қызметкерлерінің міндеттері, құқықтары мен жауапкершілігі туралы ереже" мәселесі бойынша
1. Орталық депозитарий қызметкерлерінің міндеттері, құқықтары мен жауапкершілігі туралы ереже ұсынылған жобаға сәйкес редакцияда бекітілсін.
2. Орталық депозитарий қызметкерлерінің міндеттері, құқықтары мен жауапкершілігі туралы ереже бекітілген күннен кейінгі бірінші жұмыс күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.
"Есепке алу ұйымдары мен қызмет көрсететін банктерді анықтау қағидаларына № 5 өзгерістер мен толықтыру туралы" мәселе бойынша
1. Ұсынылған жобаға сәйкес редакцияда Есепке алу ұйымдары мен қызмет көрсететін банктерді анықтау қағидаларына № 5 өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.
2. Осы шешімнің 1-тармағына сәйкес бекітілген Есепке алу ұйымдары мен қызмет көрсететін банктерді анықтау қағидаларына № 5 өзгерістер мен толықтыру бекітілген күннен кейінгі бірінші жұмыс күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.