2026 жылғы 30 маусымда өткен Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беру нәтижелері

3 шілде 2026

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2026 жылғы 30 маусымда Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беруі өткенін, онда мынадай шешімдер қабылданғанын хабарлайды:

"Цифрлық активтерді есепке алу және сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидалары туралы" мәселе бойынша 
1. Цифрлық активтерді есепке алу және сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидалары ұсынылған жобаға сәйкес редакцияда бекітілсін. 
2. Осы шешімнің 1-тармағына сәйкес бекітілген Цифрлық активтерді есепке алу және сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидалары олар бекітілген күннен бастап 20 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

"Цифрлық қаржы активтеріне қатысты қызметті жүзеге асыру қағидалары туралы" мәселе бойынша 
1. Цифрлық қаржы активтеріне қатысты қызметті жүзеге асыру қағидалары ұсынылған жобаға сәйкес редакцияда бекітілсін. 
2. Осы шешімнің 1-тармағына сәйкес бекітілген Цифрлық қаржы активтеріне қатысты қызметті жүзеге асыру қағидалары олар бекітілген күннен бастап 20 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

"Тіркеу және депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидаларына (жалпы бөлім) № 22 өзгерістер мен толықтырулар туралы" мәселе бойынша 
1. Тіркеу және депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидаларына (жалпы бөлім) № 22 өзгерістер мен толықтырулар ұсынылған жобаға сәйкес редакцияда бекітілсін. 
2. Осы шешімнің 1-тармағына сәйкес бекітілген Тіркеу және депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидаларына (жалпы бөлім) № 22 өзгерістер мен толықтырулар бекітілген күннен бастап 20 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.