"РТРС" ЖШС қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысы туралы " мәселе бойынша 1. Орталық депозитарийдің өкіліне 2026 жылғы 1 қазанға өткізілуге тағайындалған "РТРС" ЖШС қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысында (бұдан әрі – Жиналыс) мынадай түрде дауыс беру тапсырылсын:
1) Жиналысты өткізуге байланысты рәсімдік мәселелер бойынша – Орталық депозитарийдің мүдделерін негізге ала отырып, өз қалауы бойынша дауыс беру;
2) Жиналыстың күн тәртібін бекіту туралы мәселе бойынша – "жақтаймын" нұсқасы бойынша дауыс беру;
3) Жиналыстың күн тәртібі мәселесі бойынша ("РТРС" ЖШС-ның шаруашылық қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға байланысты шаралар туралы") келесідей шешім қабылдауға дауыс беру:
"1. "РТРС" ЖШС жарғылық капиталын азайту және "РТРС" ЖШС қатысушыларына таза активтердің бір бөлігін төлеу жөніндегі іс-шаралардың аяқталуы назарға алынсын.
2. "РТРС" ЖШС салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұруды ресімдеген күннен бастап 36 ай ішінде не "РТРС" ЖШС қатысушыларының өзге шешім қабылдағанға дейін шаруашылық қызметті уақытша жүзеге асырмайтыны айқындалсын.
3. "РТРС" ЖШС бас директорына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен 36 ай мерзімге салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұруды ресімдеуді қамтамасыз етуді тапсырсын.
4. "РТРС" ЖШС бас директоры Тургумбаев Руслан Саркеновичтің және "РТРС" ЖШС Бақылау кеңесі мүшелерінің өкілеттіктерін салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұру кезеңінде сақтау.
5. "РТРС" ЖШС бас директоры Тургумбаев Руслан Саркеновичқа оның өтініші бойынша салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұру кезеңіне Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен жалақысы сақталмайтын демалыс беруді ұсыну келісілсін.
6. "РТРС" ЖШС бас директоры Тургумбаев Руслан Саркеновичқа салық есептілігін ұсыну тоқтатылған күннен бастап 12 және 24 ай өткеннен кейін "РТРС" ЖШС қатысушыларына "РТРС" ЖШС шаруашылық қызметін қалпына келтіру жөніндегі жоспарлардың болуы туралы сұрату жолдау тапсырылсын.
7. "РТРС" ЖШС қатысушыларының кез келгенінен "РТРС" ЖШС-ның шаруашылық қызметін қайта бастауға қызығушылық туралы ақпарат алған жағдайда, "РТРС" ЖШС бас директоры Тургумбаев Руслан Саркеновичқа "РТРС" ЖШС Бақылау кеңесінің қарауына "РТРС" ЖШС шаруашылық қызметін қайта бастаудың орындылығы туралы мәселені шығаруды және қажет болған жағдайда, "РТРС" ЖШС қатысушыларының жалпы жиналысын шақыруға бастамашылық етуді тапсырсын.".
2. Жиналыс өтпеді деп танылған жағдайда, осы шешіммен Орталық депозитарий өкіліне берілген өкілеттіктер "РТРС" ЖШС қатысушыларының қайталама жалпы жиналысында өз күшін сақтайды.
"2025 жылға арналған комплаенс-бағдарламаның орындалуы туралы жылдық есеп туралы" мәселе бойынша
2025 жылға арналған комплаенс-бағдарламаның орындалуы туралы жылдық есеп бекітілсін.
"Аудит салаларының картасына № 1 өзгерістер туралы. Ішкі аудит қызметінің 2026 жылға арналған тексеру жоспарына № 1 өзгерістер туралы. Ішкі аудит қызметінің 2026 жылға арналған жылдық аудиторлық жоспары туралы" мәселе бойынша
1. Аудит салаларының картасына № 1 өзгерістер ұсынылған жобаға сәйкес редакцияда бекітілсін.
2. Ішкі аудит қызметінің 2026 жылға арналған тексеру жоспарына № 1 өзгерістер ұсынылған жобаға сәйкес редакцияда бекітілсін.
3. Ішкі аудит қызметінің 2026 жылға арналған жылдық аудиторлық жоспары бекітілсін.
"2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы 2026 жылға арналған комплаенс-бағдарламаның орындалуы жөніндегі есеп туралы" мәселе бойынша
2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы 2026 жылға арналған комплаенс-бағдарламаның орындалуы туралы есеп назарға алынсын.
"2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы Ішкі аудит қызметінің жылдық тексеру жоспарының орындалуы туралы есеп" мәселесі бойынша
Ішкі аудит қызметінің 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жылдық тексеру жоспарының орындалуы туралы есеп назарға алынсын.
"Орталық депозитарийдің басқарушы директоры, Басқарма мүшесі З.М. Абитаеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы" мәселе бойынша
2026 жылғы 2 қазаннан бастап Абитаева Зарина Мухтаровнаның Орталық депозитарийдің басқарушы директоры, Басқарма мүшесі лауазымындағы өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылсын. З.М. Абитаеваның Орталық депозитарийдегі соңғы жұмыс күні 2026 жылғы 1 қазан болып есептелсін.