1 қарашадан бастап "Биллинг" бөлімі Жеке кабинеттің жеке модуліне шығарылды

11 қараша 2024

Орталық депозитарий "Жеке кабинет" порталының (cabinet.kacd.kz) жұмысына өзгерістер енгізілгенін хабарлайды: Орталық депозитарийдің қызметтеріне ақы төлеу үшін қолайлылықты арттыру және бастапқы құжаттарды жедел алу мақсатында "Биллинг" бөлімі жеке модульге шығарылды, ол енді "Жеке кабинет" порталының басты бетінде қолжетімді.

Сонымен қатар, Биллинг сервистеріне қолжетімділік жеңіл бола түсті: тіркеу үшін енді бірінші басшының ЭЦҚ ғана қажет.

Орталық депозитарийдің қызметтеріне ақы төлеудің есептік кезеңдеріндегі айырмашылықтарды ескере отырып, "Биллинг" бөлімінде клиенттің санаты бойынша "депонент" және "эмитент" болып бөлу сақталды, бұл есептеулердің дәлдігін қамтамасыз етуге және ұсынылатын қызметтер мен операциялардың ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік береді.

"Жеке кабинет" порталына қосылу мәселелері бойынша төмендегі байланыс мәліметтеріне хабарласа аласыз:

  • электронды почта: helpdesk@kacd.kz
  • телеграм-бот: @helpdesk_kcsd_bot
  • телефондар +7 (727) 262 08 46, +7 (727) 355 47 60, +7 (717) 247 67 50