Құрметті клиенттер!
"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ бұйрықтарға қол қою модулінің өзгергені туралы хабарлайды.
Жаңарту аясында келесі өзгерістер енгізілді:
-
пайдаланылатын ҚР ҰКО SDK кітапханалары (соңғы өзекті нұсқасына дейін) және JDK нұсқасы (JDK 8-ден JDK 17-ге дейін) жаңартылды;
-
қауіпсіздіктің анықталған осал тұстары жойылды;
-
өнімділік оңтайландырылды: сұратуды өңдеу уақыты ~2 секундтан ~300 миллисекундқа дейін қысқарды.
Осы жаңартуға байланысты келесі әрекеттерді орындауды сұраймыз:
-
JDK-ны 17 нұсқасына дейін және ҚР ҰКО SDK-сын Орталық депозитарийдің сервистерімен интеграцияланған жүйелер бойынша (ескі портал portal.kacd.kz қоспағанда) жаңарту.
-
Қолтаңбаны тексеруден өтудің дұрыстығын тексеруді қоса алғанда, бұйрықтарға қол қою процесін тестілеуді жүргізу.
Аталған әрекеттерді орындағаннан кейін тестілеудің сәттілігін растауды сұраймыз.
Сұрақтар туындаған немесе мәселелер анықталған жағдайда мына мекенжайға хабарласуыңызды сұраймыз: infra@kacd.kz