"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) Директорлар кеңесінің 2026 жылғы 18 тамызда сырттай дауыс беру арқылы өткізілген отырысыныңшешімімен Орталық депозитарийдің қағидалар жинағының құрамына кіретін ішкі құжаттарына өзгеріс бекітілді, ол "тенге" сөзін "теңге"сөзіне ауыстыруды көздейді.
Өзгеріс Орталық депозитарийдің қағидалар жинағының құрамына кіретін мынадай ішкі құжаттарына енгізілді:
1) "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ қағидалар жинағына енгізу;
2) Мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерге қызмет көрсету және өтеу қағидалары;
3) Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру қағидасы;
4) Құралдармен сауда-саттықты ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидасы;
5) Жеке тұлғалар арасында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу қағидалары;
6) Тарифтер мен алымдар туралы ереже.
Өзгеріс 2026 жылдың 08 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Өзгеріске сәйкес өзектендірілген аталған ішкі құжаттар Орталық депозитарийдің интернет-ресурсының [Ереже] шағын бөлімінің [Қолданыстағы редакция] қосымша бетіндежарияланды.