"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ-мен іскерлік қатынастарды орнату және қолдау үшін құжаттардың жаңа редакциядағы формалары бекітілді

28 тамыз 2026

Отырысы 2026 жылғы 27 тамызда өткізілген "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) Басқармасының шешімімен "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ-мен іскерлік қатынастарды орнату және қолдау үшін құжаттардың жаңа редакциядағы формалары (құжаттардың формалары) бекітілді.

Құжаттардың формаларында мынадай өзгерістерді қарастырылған:

Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын орындау мақсатында өтініш беруші және оның бенефициарлық меншік иелері туралы неғұрлым тереңірек ақпарат алуды көздейтін қосымша өрістер мен түсіндірмелерді енгізу;

Іскерлік қатынастарды орнату, қолдау және тоқтату қағидаларының 4-бабының 2-тармағында көрсетілген, сондай-ақ басқа елдер заңнамасының ерекшеліктерін ескере отырып, құжаттардың берілген күні туралы мәліметтерді беру міндеттілігін болдырмайтын мәліметтерді қосу;

Орталық депозитарий депоненттің тиісті жеке және/немесе банктік шоты бойынша көрсететін қызметтерді алу мақсатында операциялық құжаттарға қол қоюға уәкілетті адамдарды көрсету үшін оператордың шотты қол қою үлгілері бар нотариат куәландырған карточканы (карточкаларды) ұсыну мүмкіндігі мақсатында нақтылаулар мен толықтырулар.

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ-мен іскерлік қатынастарды орнату және қолдауға арналған құжаттардың формалары 2026 жылғы 28 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ-мен іскерлік қатынастарды орнату және қолдау үшін құжаттар формаларының мәтіні Орталық депозитарийдің интернет-ресурсының [Қағидалар] бөлімінің [Іскерлік қатынастарды орнату, қолдау және тоқтату] шағын бөлімінің [Қолданыстағы редакциясы] қосымша бетінде жарияланған.