"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ-ның жаңа редакциядағы Тіркеу және депозитарлық қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын Операциялық құжаттардың формалары (Операциялық құжаттардың формалары) бекітілді

8 қазан 2025

Отырысы 2025 жылғы 3 қазанда өткен "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) Басқармасының шешімімен "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ Тіркеу және депозитарлық қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын жаңа редакциядағы Операциялық құжаттардың формалары бекітілді.

Операциялық құжаттардың формалары "back-to-back"схемасы бойынша жасалған мәмілелерді орындау кезінде ақша аудара отырып, Орталық депозитарийдің номиналды ұстауына құралдарды енгізуге немесе құралдарды Орталық депозитарийдің номиналды ұстауынан шығаруға арналған бұйрықты ұсыну мүмкіндігіне қатысты Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес немесе AIFC құқығына сәйкес шығарылған құралдарды номиналды ұстауға енгізу немесе құралдарды номиналды ұстаудан шығару операцияларын тіркеуге арналған бұйрық формасына өзгерістер енгізуді көздейді.

Операциялық құжаттардың формалары 2025 жылғы 8 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Операциялық құжаттар формаларының мәтіні Орталық депозитарийдің интернет-ресурсының [Қағидалар] бөлімінің [Тіркеу және депозитарлық қызмет] шағын бөлімінің [Қолданыстағы редакция] қосымша бетінде жарияланған.