2025 жылғы 30 желтоқсанда өткізілген "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) Басқармасы мүшелерінің шешімімен Операциялық құжаттарды қабылдау және беру регламентіне № 2 өзгерістер (түзетулер) бекітілді.
Түзетулер операциялық құжаттарды қабылдау және беру тәртібін нақтылау мақсатында енгізілді. Орталық депозитарийдің клиенттерінен өздерінің операциялық қызметін жүзеге асыру процесінде осы түзетулерді ескерулерін сұраймыз.
Түзетулер 2025 жылғы 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді.
Операциялық құжаттарды қабылдау және беру регламентіне № 2 өзгерістер Орталық депозитарийдің интернет-ресурсының [Қағидалар] бөлімінің [Операциялық регламент] шағын бөлімінің [Өзгерістер мен толықтырулар] қосымша бетінде жарияланды.
Өзгерістерге сәйкес өзектендірілген Операциялық құжаттарды қабылдау және беру регламентінің мәтіні Орталық депозитарийдің интернет-ресурсының [Қағидалар] бөлімінің [Операциялық регламент] шағын бөлімінің [Қолданыстағы редакциясы] қосымша бетінде жарияланды.