Сырттай дауыс беру 2026 жылғы 28 қазанда өткен "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) Директорлар кеңесінің шешімімен Тіркеу және депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидаларына (жалпы бөлім) № 23 өзгерістер мен толықтыру (түзетулер) бекітілді.
Жоба мыналарды көздейді:
– номиналды ұстаушының жеке шотында жеке шот ашылған күннен бастап он екі ай ішінде ең болмағанда бір қосалқы шот болмаған кезде Орталық депозитарийдің ден қою шараларын белгілеу;
– Орталық депозитарийдің құралдармен мәмілені (операцияны, оқиғаны) тіркеу мерзімін ұзарту тәртібі бөлігіндегі нақтылаушы түзетулер;
– Орталық депозитарийдің құралдармен мәмілелерді (операцияларды, оқиғаларды) тіркеуге алынған бұйрықтарды тексеру мерзімін белгілеу.
Түзетулер 2026 жылғы 23 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.
Орталық депозитарийдің тіркеу және депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидаларына (жалпы бөлім) № 23 өзгерістер мен толықтыру Орталық депозитарийдің интернет-ресурсының [Қағидалар] бөлімінің [Тіркеу және депозитарлық қызмет] кіші бөлімінің [Өзгерістер мен толықтырулар] қойындысында жарияланды.
Орталық депозитарийдің түзетулерге сәйкес өзектендірілген Тіркеу және депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидаларының мәтіні (жалпы бөлім) Орталық депозитарийдің интернет-ресурсының [Қағидалар] бөлімінің [Тіркеу және депозитарлық қызмет] кіші бөлімінің [Қолданыстағы редакциясы] қойындысында жарияланды.