"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ төлем агентінің қызметін көрсету кезінде пайдаланылатын құжаттар формаларына № 1 өзгерістер мен толықтырулар бекітілді

2026-10-08 12:00

Отырысы 2026 жылғы 08 қазанда өткен "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) Басқармасының шешімімен орталық депозитарийдің төлем агентінің қызметін көрсету кезінде пайдаланылатын құжаттар формаларына № 1 (түзетулер) өзгерістер мен толықтырулар бекітілді.

Түзетулер муниципалдық облигацияларды толық және ішінара мерзімінен бұрын өтеуді тіркеу кезінде қарсы бұйрықтарды салыстырып тексеруді жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтердің толықтығын қамтамасыз ету мақсатында әзірленді және нысандарды қажетті параметрлермен толықтыруды көздейді.

Түзетулер 2026 жылғы 09 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Орталық депозитарийдің төлем агентінің қызметін көрсету кезінде пайдаланылатын құжаттардың формаларына түзетулер Орталық депозитарийдің интернет-ресурсының [Қағидалар] Бөлімінің [Төлем агенті қызметін көрсету] кіші бөлімінің [Өзгерістер мен толықтырулар] қойындысында жарияланды.

Орталық депозитарийдің түзетулерге сәйкес өзектендірілген төлем агентінің қызметін көрсету кезінде пайдаланылатын құжаттардың формалары Орталық депозитарийдің интернет-ресурсының [Қағидалар] Бөлімінің [Төлем агенті қызметін көрсету] кіші бөлімінің [Қолданыстағы редакциясы] қойындысында жарияланады.