Отырысы 2025 жылғы 12 желтоқсанда өткен "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) Директорлар кеңесінің шешімімен Тіркеу және депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидаларына (жалпы бөлім) № 21 өзгерістер мен толықтырулар бекітілді.
Түзетулер клирингтік қызметті брокерлік және/немесе дилерлік қызметпен біріктіру кезінде KASE Клирингтік орталығына жекелеген жеке шоттар мен қосалқы шоттар ашу мүмкіндігін және депоненттердің қосалқы шоттарына өз нөмірлерін беру тәртібін белгілеуді көздейді. Түзетулерде редакциялық түзетулер мен нақтылаулар бар.
Түзетулер 2026 жылғы 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Тіркеу және депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидаларына (жалпы бөлім) № 21 өзгерістер мен толықтырулар Орталық депозитарийдің интернет-ресурсының [Қағидалар] бөлімі [Тіркеу және депозитарлық қызмет] шағын бөлімінің [Өзгерістер мен толықтырулар] қосымша бетінде жарияланған.
Өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес жаңартылған Тіркеу және депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидаларының (жалпы бөлім) мәтіні Орталық депозитарийдің интернет-ресурсының [Қағидалар] бөлімі [Тіркеу және депозитарлық қызмет] шағын бөлімінің [Қолданыстағы редакция] қосымша бетінде жарияланатын болады.