"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ тіркеу және депозитарлық қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын операциялық құжаттар формаларына № 5 өзгерістер мен толықтырулар бекітілді

2026-11-02 06:00

Отырысы 2026 жылғы 30 қазанда өткен "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) Басқармасының шешімімен орталық депозитарийдің тіркеу және депозитарлық қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын операциялық құжаттар формаларына № 5 өзгерістер мен толықтырулар (түзетулер) бекітілді.

Түзетулер есепке алу жүйесінде депонент клиенттерінің шоттарына қатысты сенімгерлік басқарушылар туралы, олардың толық атауын және БСН ақпараттыкөрсете отырып, Қазақстан Республикасының резиденттері – депоненттердің клиенттері туралы толық мәліметтерді көрсету мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 307 қаулысымен бекітілген Орталық депозитарийдің қызметін жүзеге асыру қағидаларының нормаларына сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезиденттері – депоненттердің клиенттері туралы мәліметтерді көрсету мақсатында (оның ішінде оларға бірегей код берілген кезде) әзірленді.

Бұдан басқа, түзетулер сатып алуға білікті инвесторлардың қаражаты есебінен ғана жол берілетін қаржы құралдарымен операцияларды тіркеу кезінде білікті инвесторлар ретінде депоненттер клиенттерінің мәртебесін сәйкестендіру мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Түзетулер 2026 жылғы 16 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

Орталық депозитарийдің тіркеу және депозитарлық қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын операциялық құжаттардың формаларына түзетулер Орталық депозитарийдің интернет-ресурсының [Қағидалар] Бөлімінің [Тіркеужәне депозитарлық қызмет] кіші бөлімінің [Өзгерістер мен толықтырулар] қойындысында жарияланды.

Орталық депозитарийдің түзетулерге сәйкес өзектендірілген тіркеу және депозитарлық қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын операциялық құжаттардың формалары Орталық депозитарийдің интернет-ресурсының [Қағидалар] Бөлімінің [Тіркеужәне депозитарлық қызмет] кіші бөлімінің [Қолданыстағы редакциясы] қойындысында жарияланды.