Кросс-биржалық саудаға қатысушыларға қызмет көрсету қағидалары бекітілді

30 қыркүйек 2025

Сырттай дауыс беруі 2025 жылғы 19 қыркүйекте өткізілген "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) Директорлар кеңесі мүшелерінің шешімімен Кросс-биржалық саудаға қатысушыларға қызмет көрсету қағидалары (Қағидалар) бекітілді.

Қағидалар Орталық депозитарийдің кросс-биржалық саудаға қатысушыларға қызмет көрсету ерекшеліктерін айқындайды, оның ішінде:

–               кросс-биржалық саудаға қатысушылардың жеке шоттарында қосалқы шоттар ашу ерекшеліктері;

–               кросс-биржалық саудаға қатысушылардың пайдасына құралдар бойынша төлемдерді жүзеге асыру ерекшеліктері.

Қағидалар 2025 жылғы 15 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Кросс-биржалық саудаға қатысушыларға қызмет көрсету қағидаларының күші 2025 жылғы 17 маусымнан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

Кросс-биржалық саудаға қатысушыларға қызмет көрсету қағидаларының мәтіні Орталық депозитарийдің интернет-ресурсының [Қағидалар] бөлімінің [Тіркеу және депозитарлық қызмет] шағын бөлімінің [Қолданыстағы редакция] қосымша бетінде жарияланған.