"Мұнаймаш" АҚ акцияларын сату туралы талап жайлы хабарлама

7 сәуір 2025

2025 жылғы 04 сәуірде Орталық депозитарийге "Мұнаймаш" АҚ-нан "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы заңының 25-1-бабының 1-тармағына сәйкес акционерлердің өздеріне тиесілі KZ1C00003888 атауымен дауыс беретін акцияларын сату туралы талаппен хабарлама келіп түсті. Акцияларды сатып алудың ұсынылған бағасы бір акцияға 535 теңгені құрайды.